top of page

«МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ
ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ» міндетті ісі шетелдік, гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша интеллектуалды бетке ұстар оқушыларды дайындауда, жалпы адамдық құндылықтарда бағдары бар, қазіргі заманда жеке тұлға ретінде қалыптасуға дайын, жоғары адамгершілікті, интеллектуалды тұлғаны қалыптастырудан тұрады.

Миссия «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА-ЛИЦЕЙ ПРИ ВЫСШЕМ КОЛЛЕДЖЕ ИМЕНИ МАГЖАНА ЖУМАБАЕВА» заключается в формировании высоконравственной, интеллектуальной личности, готовой к самореализации в современном мире, ориентирующейся на общечеловеческие ценности, в подготовке интеллектуальной элиты по иностранному, гуманитарному и естественно-математическому профилям.

  • Facebook Социальной Иконка
  • Vkontakte Social Иконка
МЫ В СОЦ СЕТЯХ

Лицейім менің, лицейім!

 

        Біздің Қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ағартушысы, алаштың ақтаңгер көсемдерінің бірі, озық ойлы рухани ұстаздарымыздың бірегейі, түркі тектес халықтардың бас ақыны атанған,  ұшқыр сезім, терең ойдың ақыны Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық-педагогикалық колледж жанынан құрылған жаңа типті, ұлттық мектеп-лицей болуымыздың өзі баршамызға үлкен жауапкершілік жүктеумен бірге мақтаныш сезімге бөлейді.

        Бір шаңырақтың астында, тәуелсіз Қазақстанның    ұлттық білім жүйесінің алдындағы зор мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыратын,  республикамыздың түпкір-түпкірінде жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып келе жатқан білімді де білікті ұстаздар қауымын даярлайтын осынау танымал, үздік білім шаңырағы аясында ірге тасы қаланған мектеп-лицейіміз үшін Ұлы бабамыз Мағжан Жұмабаев әрқашан Гималай құзарттарының ең биік шыңы Эвересттей,  „Мен жастарға сенемін!„ деп бізге сол „әлем шатырынан„, биік бұлт төсінен қарап түрғандай!

        Сондықтан да біздің мектеп-лицейдің жеткен жетістіктері, алар асулары, алға қояр мақсаттары айқын. Екі білім ошағының тығыз ғылыми, педагогикалық, кәсіби байланыста еңбек етуі тек толағай табыстарға, жетістіктерге жетелейтін үлкен мүмкіндік деп айтуға болады.

        Олай болса, оқырман қауым, ұстаздар, сіздердің назарларыңызға біздің Қазақстанның жаңғырған білім жүйесін қалыптастыруға белсенді атсалысып, қомақты үлес қосып отырған  Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық-педагогикалық колледж жанынан құрылған мектеп-лицейіміздің тыныс-тіршілігімен, тарихымен, жетістіктерімен таныстыратын жинағымызды  ұсынамыз.

dsa.jpg

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.

Мағжан Жұмабаев

bottom of page